Балалар

Облыс орталығында жұмысшы жастардың слеті өтті

Әлімхан Садыбан – ПҚЭК 2 курс студенті:

-Мен «Серпін-2050» бағдарламасымен оқуға түстім. Бұл жоба бүгінде жастарға өте қолайлы. Тегін оқу, тегін жатаханамен қамтылдық. Тіпті оқу бітірген соң, оқыған оқу орның саған осы қалада жұмысқа орналастырып береді.

Бүгінде біздің өңірде 8 мыңнан астам колледж студенттері тегін біліммен қамтылған. Олардың 3 мыңы еңбек нарығында қажетті машина жасаушы, токарь, темір шебері мен аспаз сияқты жұмысшы мамандықтарын таңдапты.
Үздік студенттерге мемлекет тарапынан 16 мың теңгеден астам шәкіртақы қарастырылған. Мамандарды облысымыздағы 27 колледжі дайындап шығарады.

Алма Хұсайынова – СҚО білім басқармасының бөлім басшысы:

-2017 жылдан бастап елімізде техникалық мамандық тегін оқытылатынын бәріміз білеміз. Сондықтан біз бұл жұмысқа ақырындап кірісіп жатырмыз. Мәселен, келер жылы біздің өңірде тағы 500 студент тегін біліммен қамтылады. Сондай-ақ, біздің серіктес кәсіпкерлеріміз жаңа жұмыс орындарын көптеп ашуды жоспарлап отыр.

Жалпы бүгінде өңір колледждерінде 12 мыңнан астам студент білім алуда.

 

 

Айгерим Ержанова