Құқық қорғау органдары

Өңірде «Тұрмыс. Қадағалау. Алкоголь» жедел-алдын алу шарасы өтті

Шәмшіден Ақышев – Петропавл қаласы ІІБ жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары:

-Бұл шараның мақсаты – қаламыздағы есептік тіркеудегі тұрғындарды бақылау болып табылады. Егерде құқықбұзушылықтар анықталса әкімшілік жазалаулар тағайындалады.

Сондай-ақ, рейдтік іс-шараларға қалалық пробация бөлімінің қызметкерлері де қатысты. Олардың мақсаты – түрмеден босағандардың қайта қылмыс жасамауын қадағалау.

Жазира Сәкенова – Петропавл қалалық пробация бөлімінің инспекторы:

-Қазір қалалық пробациялық бөлімінде 200-ден аса сотталған есепте тұр. Біздің міндет оларды үнемі назарда ұстау.

«Тұрмыс.Қадағалау.Алкоголь» жедел-алдын алу шарасы барысында облыс аумағында барлығы 565 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген. Арасында кәмелет жасына толмағандардың түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында жүруіне қатысты 59 факті бар. Сондай-ақ, акция аясында профилактикалық және тізімдік есепке 257 адам алынған.

 

Култанов Байболат