Құқық қорғау органдары

Солтүстікқазақстандық 19 полицей жол жүру ережесі бойынша тест тапсырды

Берік Біләлов – СҚО ІІД бастығы:

-Қол астымдағы қызметкерлер мен жолда жүретін азаматтардан ережелерді білу керек деп талап етпес бұрын ең алдымен өзімді сынап көргім келді. Егер тәртіп сақшылары тестілеуге дайын болмаса, олардың дайындалуына уақыт береміз. Бірақ, міндетті түрде емтиханнан өтетін болады.

Содан кейін өз білімін жергілікті полиция қызметінің әкімшілік полиция басқармасының басшылары мен командирлер тексерді. Бұл олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік бермек.

Айдын Байматов – СҚО ІІД жергілікті полиция бастығының орынбасары:

 

-Бүгін біз, ІІД қызметкерлері келіп, емтихан тапсырдық. Нәтижеміз жақсы. Жолда жүрудің ережесін тәртіп сақшысы бес саусағындай білуі керек. Содан соң ғана жүргізушіден сұрауға құқылы.

Айта кеткен жөн, сынақтан сүрінген тәртіп сақшылары 40 сұрақтан құрылған тестті қайта тапсыру мүмкіндігіне ие болады.

Айгерим Ержанова