Аптадағы маңызды жаңалықтар

“Нұр Отан” партиясының кезектен тыс XVII-ші съезіне қатысушылардың пікірі

Бүгін жұмысына келе сала ол маңызды шарада айтылған мәселелерді әріптестеріне жеткізуде. Шыныменде, алқалы жиында Елбасы, экономика, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолдарды қалыпқа келтіру және кәсіпкерлікті дамытуды қозғап, әлемдік дағдарыс жағдайында жұмыс орындарын сақтап қалу жайын көтерді.

Жанар Таласпаева- «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің мүшесі, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ТжӘИ директоры:

-Съезд барасында әр бағыт түсіндірілді. Президенттің әр сөзі жүректен шығып, көңілге тиді. Мені ұстаз ретінде Елбасының ғылым саласына қатысты айтқан сөздері ұнады.

Жанар Таласпаева еліміз үшін маңызды шараға осымен 3-ші рет қатысып отыр. Кезектен тыс 17-ші съезд де «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан-2021» Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасы қабылданыпты.

Жанар Таласпаева- «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің мүшесі, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ТжӘИ директоры:

-Осы бағдарлама алдағы уақытта Қазақстанның 30 озық мемлекеттің қатарына қосылуы үшін жасалған.

Жалпы аталмыш съезге өңірімізден 40-тан астам адам қатысқан болатын.

 

 

Магжан Ахмадина