Ауыл шаруашылығы

Есіл ауданының агроқұрылымдары ылғал сақтау жұмыстарын жүргізуде

Семен Куппе – “Азия-Таранғұл” ЖШС басқарушысы, Есіл ауданы:

-Егістік алқаптарында қар тоқтатуды уақытылы өткізу – жоғары өнім алуға мүмкіндік береді. Маңызды науқанды жүргізу кезінде екі жолақтың арақашықтығы 4-5 метр болуы тиіс. Серіктестік бұған 2 “К-700” тракторын жұмылдырды.

Биыл есілдік диқандар 149,9 мың гектар егістік жерде қар тоқтатуда. Ылғал сақтау жұмыстарын кесте бойынша атқаруға ауданда жалпы саны 172 бірлік техника бар.

Ермек Түменбаев – Есіл ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы:

-Ауданның агроқұрылым басшылары ылғал сақтауға жауапкершілікпен қарап, тиісті агроөнеркәсіптік шараларды жылда атқарып келеді. Бұл ең біріншіден күзгі орақта мол өнім алуға мүмкіндік береді. Аудандағы серіктестіктер мен шаруа қожалықтары жауапты науқанды ақпан айының бел ортасында аяқтауы тиіс.

Бүгінде Есіл ауданында 80 серіктестік пен 160 шаруа қожалық тіркелген.

 

 

Бакыт Садуакасов