Әр түрлі

Қаңтардың 30-ы бүкіләлемдік ғаламторсыз күн

Бұрындары әлемдік тор көбіне керек бір ақпарат алу үшін пайдалынылса, қазірде әңгімелесу мен көңіл көтеру мақсатында кәдеге жаратылуда. Бүгінде кішіден бастап қартына дейін әлеуметтік желіде парақшасы бар. Сол себепті кез-келген адам шынайы өмірге емес, ғаламтор желісінде уақыт көп өткізеді.

Елена Воронова – “БЭСТ” мектеп-гимназиясының педагог-психологі:

-Егер бала әлеуметтік желіде ұзақ уақыт бойы отыратын болса, онда ата-анасы оған интернетке кіруге тыйым салуы қажет. Өйткені ғаламторда отыратын бала шынайы өмірде қарым-қатынас орната алмайды. Жалпы интернетті пайдалану уақытын әркім әр түрлі айтады. Бірі 6 сағат десе, енді бірі 3 сағат дейді. Не дегенменде ғаламторға аз уақыт бөлген дұрыс.

Интернет тәуелділігі проблемасы күн артқан сайын ұлғайып келеді. Енді ғаламтор желісінде қоңырау шалып, хаттармен алмасып, өлең тыңдап немесе фильм қарап қана қоймай тікелей-көрсетілімдерде жасауға болады. Күндегі жаңашылдыққа әсіресе жастар әуестенеді. Негізі мектеп бағдарламасында информатика пәнінде “интернет” жайлы жоғарғы сыныптың оқушылары өтеді. Бірақ бұл уақытқа дейін көптеген шәкірттер өздігінен ғаламтор желісін жетік меңгеріп алады екен.

Виталий Коваленко – “БЭСТ” мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі:

-Жалпы балалар интернетпен информатика пәні басталмай-ақ танысып жатады. Өйткені оларға мұғалімдер түрлі рефераттар мен баяндамалар жасап келуге береді. Ол үшін оқушылар ақпаратты әрине ғаламтордан іздейді. Бізде компьютерлерде балалардың бөгде сайттарға кірмесі үшін арнай тосқауылдар орнатылған. Яғни, олар тек тексерілген желілерге ғана қосыла алады.

Интернет көп жағдайда өмірімізді жақсартқанымен, тәуелді етеді. Жалпы теріскейліктер күніне ғаламторға қанша уақытын бөледі? Оны қала тұрғындарынан сұрап көрдік.

-Мен күніне 5-6 сағат отырамын. Кино қараймын, кітап оқимын, түрлі ойындар ойнап, әлеуметтік желіде хат алмасам.

-Мен интернетті көп пайдаланатындардың қатарынан емеспін.

Риат Шони, тілші:

-Биылғы жылы бүкіләдемдік ғаламторсыз күн 31-ші қаңтарға, жексенбі күніне келіп тұр. Демалыс күнін әр адам өз қалауынша өткізе алады. Достарымен бас қосып демалуға, кітап оқуға немесе спортқа көңіл бөлуге. Бастысы интернетке қосылмау керек.

 

Риат Шони