Балалар

Кітапханашылар әліппемен қоштасу сәтін өткізді

Елена Воробьёва, Бірінші гимназияның бастауыш сынып мұғалімі:

-Біз кітапханамен осылай тығыз жұмыс істеуге тырысамыз. Өйткені, бұл балаларды кітап оқуға баулуға көмектеседі.

Міне, бұл бірінші сынып оқушысының қолына алғаш ұстаған әрі сүйікті оқулығы – әліппе. Бірақ, оны қазір ашу үшін біраз тер төгуге тура келеді. Мәселен, логикалық сұрақтарға жауап беріп көпшілікті таңқалдыра білу керек.

Карина Малик – Бірінші гимназияның оқушысы:

-Маған осы мереке өте қызықты болды. Әліппемен қоштасып отырмыз.

Анастасия Косова, Бірінші гимназияның оқушысы:

-Мен кітапханаға бірінші рет келіп отырмын. Маған мұнда ұнады және мереке де тамаша өтті.

Бірінші сынып оқушыларына арналған мұндай шараларды кітапхана ұжымы дәстүрлі түрде қыста өткізеді. Балаларды үнемі сүйікті ертегі кейіпкерлері қарсы алады екен. Олар кітаптар туралы әңгімелеп, тіпті бірге ойнайды.
Бүгінде мекемедегі кітап қоры 206 мың дананы құрап отыр. Соның 10-нан бірі қазақ тілінде жазылған.

Мапруза Джумабаева, Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бөлім жетекшісі:

-Әдетте, осындай шаралардан кейін балалар біздің кітапханаға оқырман ретінде жазылады. Олардың кітапқа деген қызығушылықтары пайда бола бастайды. Қазіргі технологияның рөлі басым түскен заманда оқуға деген сүйіспеншілікті жоғалтпау керек.

Ал бүгінгі шағын мереке есте қалу үшін оқушыларға қызықты кітаптар тарту етілді.


Данаш Хамзина