Спорт

Қаңтардың 30-ы “Петролиг” жарысының алғашқы ойыны өтеді

Ал бүгін жеребе тартылып, әр құрама өз қарсыласын анықтады. Алғашқы ойын қаңтардың 30-ына белгіленіп отыр. Сонымен, доп тебуді “Фортуна” мен “Тұлпар” командалары бастайды. Әр құрама алаңға шамамен 10 реттен шығады деп жоспарланған. “Жас Отан” жастар қанаты мен “Қазақстанның болашағы үшін” студенттер қоғамдық бірлестігі ұйымдастыратын бұл шараның жеңімпаздары ұпай санымен анықталып, қомақты жүлденің иегері атанбақ.

Асхат Гумиров – “Қазақстанның болашағы үшін” студенттер қоғамдық бірлестігінің төрағасы:


–  Бұл ойынды біз қыста өткізуді жөн көрдік. Барлығының басын қосып, қызықты етуге тырысамыз. Сайысқа аудан мен қала командалары қатысады. Жалпы бұл дода екі айға созылмақ. Жүлдеге берілетін қаржы сомасы да қомақты. Бірақ әзірге бұл құпия.

Айгерим Ержанова