МТРА жаңалықтары

Қаңтардың 30-ы Петропавлда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Өңір аудандарынан шаһарымызға жеткізілген сүт, ет, ұн мен картоп, бал, жұмыртқа мен көкөністер таңғы сағат сегіз жарымнан “Алтын Арман”, “Коммунальный”, “Дария” және “Солтүстік” базарларында саудалана бастайды. Бұл күні өнім бағасы базардікіне қарағанда 10-15 пайызға арзан болмақ. Мәселен, шекердің келісі – 190, қарақұмық 170 теңгеден сатылады. Айта кету қажет, өткен жылдың 5-ші қыркүйегінен бастап “Корона” сауда үйінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілмей келген болатын. Бұл өз кезегінде 19-шы және 20-шы шағын аудан тұрғындарына қиындық туғызды. Мәселе қала әкімі Марат Тасмағанбетовтың 26-шы қаңтарда өткізген есептік кездесуінде көтеріліп, оң шешімін тапты.

Евгения Сальникова – Петропал қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары:


–  Сенбі күні өтетін жәрмеңкеде “Корона” сауда үйінде Мамлют ауданы жайғасатын болады. 19-шы және 20-шы шағын аудан тұрғындары тауарларды сол маңнан ала алады. Жалпы бұл биылғы жылы ұйымдастырылатын 13-ші жәрмеңке. Былтыр облыс орталығында 195 жәрмеңке өткізіліп, 396,5 млн теңгенің өнімі саудаланған болатын.

Риат Шони