МТРА жаңалықтары

Петропавлда екінші “ақылды аялдама” іске қосылды

С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхана ұжымымен қолға алынған бастама бүгінде тұрғындар арасында қызуғышылық тудырған сияқты. Оған – қалада осындай екінші “ақылды аялдаманың” ашылуы дәлел. Далада автобус күтіп, тоңып тұрғанша жылы нысанның ішіне кіріп, қызықты кітап парақтаған ұтымды әрі пайдалы дейді кітапхана қызметкерлері.

Қайыржан Мәлікова – С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың кітапханашысы:

 

– Мұндай кітапханалар шет елдерде бұрыннан бар. Қазір біз олардан игеріп, өзімізде қолданып жатырмыз. Кітапханаға таңғы уақыттан кешкі автобус тоқтағанша келіп ұнаған кітапты оқуға болады.

Мұнда, сондай-ақ, электронды кітапхана да жұмыс істейді. Яғни, тұрғындар сүйіп оқитын ақын-жазушылардың еңбектерін ұялы телефондарына “Adobe Acrobat” бағдарламасы арқылы жүктеп алуларына болады.

Мұнда кітапты үйге де береді. Тек орнына басқа бір туындыны қалдырып кету керек.

Култанов Байболат