Аптадағы маңызды жаңалықтар

Петропавлда жылуды өздігінен реттейтін “Ақылды кабель” шығаратын зауыт пайда болды

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Қазақстанда бұрын соңды мұндай өндіріс ошағы болмаған. Біздегі шұғыл континентальды ауа-райымызда осы өнім түріне сұраныс көп болады деген сенімдемін. Бұл зауыт көп адамға жұмыс береді. Жаңа технлогияларды меңгереміз. Биыл біз инвесторларды өңірге тарту көрсеткіші бойынша алға шығып, болашақта шетелдік инвестицияны бір миллиард АҚШ доларына жеткізуді жоспарлап отырмыз.

Бүгін өңірімізде инновациялық жобаның іске асуына ресми түрде рұқсат берілді.

Бұл Индустриаландыру картасының екінші бесжылдығы аясында СҚО-да жүзеге асырылып отырған 16-шы жоба. Зауыттың іске қосылыуымен ел экономикасына қыруар инвестиция тартылады. Салық түсімі ұлғаяды және ең бастысы жерлестеріміз тұрақты табыс көзімен қамтылмақ. Шетелдіктердің айтуынша,
Еуропа мен Азия елдеріне қарағанда Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы жоғары. Оған қоса бізде ЕАЭО және БСҰ-ның шарттары аясында үлкен нарыққа шығуға мүмкіндік зор дейді меймандар. Содан болар инвесторлар біздің елде ТМД елдерінде баламасы жоқ зауытты тұрғызған. Нысанды салған “ВАRTEK” компаниясының әлем елдерінде 10 шақты зауыты бар екен.

Хайкл Лаубхаймер – “ВАRTEС” копаниялар тобының Бас атқарушы директоры:


–  Біздің компанияның әлем нарығында 14 жылдық тәжірибесі бар. Компания фармацевтика, мұнай-газ саласымен айналысады. Біз бүгін клиенттерімізге қауіпсіз әрі экологиялық таза өнім ұсынып отырмыз. Бәріне ұнайды деген сенімдемін.

Елімізіге алғашқы транш ретінде 600 млн теңге қаржат тартылыпты. Тапсырыстың ұлғаюына байланысты инвестициялық түсім молая түспек.

Дмитрий Султанов – “ВАRTEС Rus” ЖШҚ Шығыс Еуропа бойынша вице-президенті:

– Бұл соңғы үлгідегі, яғни жетілдірілген желі минутына 50 метр, ал айына 250 мың киллометр кабель шығаруға қауқарлы. Біз әзірге мұнда “FT” “PT” және “ST” деп аталатын кабельдің маркаларын шығаратын боламыз. Алда басқа да түрлеріне сұраныс артып жатса, жаңа желлерді іске қосамыз. Өнім ел нарығын толық қамтиды және Ресейге шығарамыз.

Ең бастысы мұнда 15 жерлесіміз екі қолға бір күрек тапты. Алты адам жақында Германиядағы зауытта тағылымдамадан өтіп келген. Қалғандарын немістер Петропавлға келіп бір ай көлемінде үйретіп кеткен. Зауыт еңбеккерлері шамамен 100 мың теңгенің үстінде жалақы алатын болады.

Жарқын Жакупов – “ВАRTEС Kazakhstan” ЖШС-нің операторы:

– Осында орналасқаныма 4 ай болды. Бізді немістер келіп оқытып кетті. Ебін тапсаң жұмыстың қиыны жоқ.

Сәтін салып, тапсырыстар ұлғайып жатса, жұмысшылар саны 50-ге артады.

Өнімді түрлі мақсатта пайдалануға болады. Мұнай-газ өнеркәсібіне, авиация саласында, тұрғын үй-комммуналдық шаруашылығы мен күнделікті тұрмыста қолдануға болады екен. Кабель жоғары кернеулі тоқты, ылғалды өткізбейтін қасиетке ие. Және оны құбырдағы мұнай, су тағы да басқа сұйықтықтардың қатпауы үшін пайдаланады. Дәлірек айтқанда, кабель құбыр ішіндегі жылуды реттеп отырады. Болашақта кабельді жасауға жұмсалатын сым, саймандардың 30 пайызы өзімізде шығарылады. Білікті мамандардың айтуынша, теориялық тұрғыдан алып қарағанда, бөлшек құралдардың 100 пайызын елімізде өндіруге болады екен.

Берік Қасен