Әр түрлі

Алдағы үш күнде ауа райы суытады

Синоптиктердің хабарлауынша алдағы үш күн бойы сынап бағанасы -20 градустан төмен температураны көрсетпек. Өңірдің кей жерлерінде бұл көрсеткіш -28 градусқа дейін түседі. Аңызақ жел де қазір басылмайды дейді мамандар. Бұл күндері желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетпек.

Аслан Қажырахимов, “Казгидромет” РММ СҚО бойынша филиалының инженер-синоптигі:

 


– Ертең күндіз аздаған қар жауып, бұрқасын болады. Шығыстан соққан желдің жылдамдығы секунына 9-14, кей жердерде 15-20 метрді құрайды. Сынап бағанасы күндіз -15-23, түнде 20-25, кей жерлерде -28 градусқа дейін барады. Біздің болжам бойынша бұл ауа райы алдағы үш күн бойына сақталмақ.

Акбопе Танирберген