Спорт

Петропавлда шахматтан жарыс өтті

Жарысқа тек аталған бірлестіктің құрамындағы футболшы балалардың ата-аналары ғана қатыса алады. Жиналғандар әуесқой шахматшылар болмаса да әдемі ойын өрнегін көрсетіп бағуда. Бұл тек бастамасы ғана, себебі турнир кезең-кезеңге бөлініп, жаз мезгіліне дейін жалғасады. Қорытынды бойынша жеңімпаздарға сыйлықтар табысталады. Жас спортшылардың жақындары бас қатырып, күрделі ойынды ойнап жатқан уақытта, балалары футболдан жазғы жарыстарға дайындық жүргізбек.

Вячеслав Гуменный, «Мяч» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

 

– Бұл турнир екі кезеңге созылады. Жексенбі күндері 12:00-ден 18:00-ге дейінгі аралықта ата-аналар осы М. Айтхожин атындағы № 1 жалпы білім беретін инновациялық орта мектепке келіп сынға түседі. Бұл бірінші кезең наурыздың 6-на дейін жалғасады. Ал екіншісі маусымның 10-да қорытындылады. Айту керек, жарысты өткізудегі басты мақсат – аяқ допшы жасөспірімдердің ата аналарымен тығыз байланыс орнату. Біз балалармен аудан, ауылдарды аралаймыз. Ал, бұл уақытта оларға тіпті жол азығын да салып бермейтін ата-аналар бар.

Акбопе Танирберген