Құқық қорғау органдары

Өңірде қоғамдық көліктерді тексеру акциясы аяқталды

Осы уақыт аралығында жолда жүру ережесін бұзуға қатысты 575 факті анықталған. Соның ішінде 126 адамға қозғалыстағы автобус рөлінде отырып телефон арқылы сөйлескені үшін айып тағылса, тағы 114 жүргізуші маневр жасау кезінде тәртіп бұзған. Ал бір тұрғын машинаны мас күйінде басқарып, қолға түсті. Сондай-ақ, 14 автобустың техникалық байқаудан өтпегендігі анықталды. Жедел-алдын алу шарасы аясында полицейлер такси жүргізушілерін де бақылаған.

Болат Каримов – СҚО ІІД жергілікті полиция қызметі бөлімінің аға инспекторы:

– Жедел-алдын алу акциясы аясында жол қозғалысын бұзған Петропавл қаласының 30 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның жасаған ісіне байланысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Култанов Байболат