Құқық қорғау органдары

Солтүстік Қазақстанға заңсыз кірген 92 шетел азаматы анықталды

Ал, ҚР аумағына заңсыз кірген 92 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Тағы 10-ы ҚР аумағынан шығарылған. Олардың барлығы ТМД азаматтары болып шыққан. Айта кеткен жөн, шара барысында көші-қон полициясы келімсектер тұрақтанады-ау деген мекен-жайлар мен вокзал және құрылыс нысандарында рейд жүргізген болатын.

Мәнсия Көшеғұлова – СҚО ІІД көші-қон полициясы басқармасының аға инспекторы:

-Шара басталған бірінші күннің өзінде 52 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар елімізге заңсыз кірген. Одан бөлек, құқық бұзушылық әрекеттерге барған.

 

Акбопе Танирберген