Аптадағы маңызды жаңалықтар

ҚР Прездиденті Нұрсұлтан Назарбаев Мәжіліс депутаттарының өкілеттілігін мерзімінен бұрын тарату жөніндегі Жарлыққа қол қойды

Президент алда елімізді үлкен сын-қатерлер күтіп тұрғындығын айта келіп, барша қазақстандықтарды маңызды науқанға белсене қатысуға шақырады. Өз кезегінде солтүстікқазақстандықтар да Елбасы шешімін құптап, осынау маңызды сәтте еліміздің болашағы жолындағы тұтастығымыз бен бірлігімізді тағы да танытуға әзір екендіктерін жеткізді.

Айман Асанова – облыстық мәслихат депутаты:

-Алға қойған мақсаттарымызға, соларды жүзеге асыруға көңіл бөліп, әлеуметтік жағдайды, экономиканы көтеруге бірақ жұмыс істеу керек.Ол үшін түрлі сұрақтарды ертерек шешіп, сайлауды өткізіп, барлық күшімізді елді дағдарыстан шығаруға жұмсау керекпіз.

Әсемгүл Есқожа – “Қоғамдық келісім” КММ директоры:

-Әлемдегі дағдарысқа байланысты елімізде көптеген заңдар қалданып жатыр. Көптеген реформалар жүзеге асырылуда. Сондықтан мен Мәжіліс депутатарынан сапалы жұмысты күтемін.


 

Берик Касен