МТРА жаңалықтары

“ҚазТехМаш” зауыты өткен жылы 34 бірлік комбайн құрастырды

Болат Әбілмәжінов – “Кантемир-Агро” ЖШС басшысы, Есіл ауданы:

-Науқанның қамын ойла дегесін 1 емес 2 комбайнды сатып алдық. 1 жұмадан кейін көзіміз жетті жақсы техника екендігіне. Сол комбайндар ораққа екі апта кеш келді. Соның өзінде қос техника 1,5 мың тонна астық орып берді. Ол жаман көрсеткіш емес. Бүгінгі күні “Джон Дир”” мен “Класс” комбайндарынан еш кем түспейді.

Өңірде шығарылатын финдық комбайндардың тағы бір артықшылығы – құны әлдеқайда төмен әрі дизельдік отынды өзгелеріне қарағанда 2 есе аз пайдаланады.
Жалпы “ҚазТехМаш” зауытының таспасы өткен жылдың 2-ші шілдесінде Елбасының қатысуымен өткен Индустрияландыру күнінде қиылған болатын. Мұндағы ауыл шаруашылығына қажетті техникалар Финляндия, Австрия мен Польша елдерінің озық технологияларын қолдана отырып жасалады. Тек өткен жылдың өзінде зауыттықтар 22 комбайнды құрастырып шығарған.

Сәбит Шәкенов – “ҚазТехМаш” машина құрастыру зауыты” ЖШС бас директоры:

-Бұл комбайндарды “Сампо” компаниясының мамандарымен бірігіп отырып жасалынған. Былтыр шығарылған 34 комбайнның 22-сі астық жинау науқанына қатысты. Сервистік қызмет көрсету жұмысы жолға қойылды. Алда қойға жоспарларымызды біртіндеп орындаймыз.

Сондай-ақ, зауытта комбайннан өзге трактор тіркемелері, астық көтергіш пен ауыл шаруашылығына қажетті қосалқы бөлшектер шығарылады.

 

 

Бакыт Садуакасов