МТРА жаңалықтары

Жыл басынан СҚО-да 50 өрт оқиғасы тіркелген

Денис Шуваев, СҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы:

-Оқиғаның орын алуына үй иесінің пеш жағуда қауіпсіздік шараларын сақтамауы себеп болған. Айт кеткен жөн, аудандық ІІБ және азаматтық қорғау саласының қызметкерлері 2015 жылы бірнеше рет зейнеткердің үйіне келіп түрлі қауіпсіздік шаралары жайлы құлағдар еткен.

Ал, қаңтардың 18-і күні Жамбыл ауданының орталығында орын алған өрт оқиғасы да қайғылы аяқталды. Ерлі зайыпты үй иелерінің екеуі бірдей көз жұмған. Бұл жерде де қызыл жалынның үйді шарпуы пешті дұрыс пайдаланбауына деп отыр мамандар. Кеше ғана бұған ұқсас оқиға Булаев қаласында да тіркелді. Өрт сөндірушілер отқа оранған үйдің ішінен 2009 жылғы қыз баланы алып шығыпты.

Денис Шуваев, СҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы:

-Бала есінен танып қалған. Өкінішке қарай, аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, жан сақтау бөлімінде көз жұмды. 35 жастағы анасы күн суық болғасын қызын шағын орталыққа апармай, үйде жалғыз қалдырыпты. Өзі жұмыста болған. Бұл жердегі өрт те пешті дұрыс пайдаланбау салдарынан болып отыр.

Мамандар мұндай оқиғалардың алдын алу мақсатында түрлі қауіпсіздік шараларын жиі өткізіп тұруға тырысады екен. Бірақ, олардың ескертулеріне құлақ асып жатқандар шамалы сияқты.

Сондай-ақ, М.Жұмабаев ауданының екі тұрғыны иіс тиіп, ауруханаға жеткізілген. Қазір жағдайлары бір қалыпты. Мамандар теріскейліктерге пеш жағуда барлық қауіпсіздік шараларын қатаң ұстану керектігін ескертуде.

 

Акбопе Танирберген