Қоғам

Тұрғындарды әлеуметтік қолдау шараларының атқарылуы

Өткен жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы 4 мыңнан астам солтүстікқазақстандық тұрақты еңбекпен қамтылыпты. Тағы былтыр Петропавлда жас отбасыларға арналған 2-і жатақхана қолданысқа берілді. Оның біреуінде бүгіндері 147 жанұя тұрып жатыр.
Әлемде болып жатқан экономикалық жағдай бәрімізге белгілі. Сондықтан, салада қолға алынған мемлекеттік бағдарламалардың жіті орындалуы маңызды. Бұл ретте төртінші билік өкілдерін жұмыссыздық мәселесінің шешілуі қызықтырды.

Асқар Сақыпкереев – СҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы:

-Жұмыс орындары қысқарып отырған жоқ. Бүгіндері 28 кәсіпорын мониторингке алынған. Олар 46 адамды қысқартамыз деген. Бүгіндері соның 44-і жұмыс істеп жатыр.

Кездесу барысында журналистер түстіктен келетін ағайындарға қандай жағдайлар жасалатындығын сұрастырды. Өйткені, өткен жылы өңірге Оңтүстіктен 18 отбасы қоныс аударған болатын.

Ербақыт Амантай – Қазақ радиосының меншікті тілшісі:

-Оңтүстіктен көшіп келуге байланысты. Олар қай жерге көшіп келеді? Елді-мекендер қалай таңдалады? Қай аудандарда сұраныс бар?

Асқар Сақыпкереев – СҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы:

-Ынтасы бар азаматтар келеді. Қазір 458 адам келгісі келіп отыр.

Саладағы жетістіктерді айтқан басқарма басшысы проблемаларға да тоқталып өтті. Тексеріс жүргізу кезінде мүмкіндігі шектеулі жандардың кіруіне арнайы жағдайлар облыстағы 2298 әлеуметтік нысанның тек 12,7 пайызы, яғни 292-сінде ғана жасалған болып шықты. Бұл жұмыстар 2020 жылға дейін реттеледі деді Асқар Сақыпкереев.

 

 

Магжан Ахмадина