Спорт

“Құлагер” командасы өзінің жеңісті ойындар сериясын аяқтады

Павлодарлықтар тек соңғы периодта Вадим Ермолаев пен Петер Фабуштың шайбаларымен жауап қайтарып, теріскейліктерді 2-1 есебімен тізе бүктірді. Ал қарымта кездесуде есепті петропавлдық хоккейші Анатолий Васильев ашты. Келесі кезекте Владислав Никулин есепті еселей түсті. Дегенмен, ертістіктер екінші периодта Андрей Петушкиннің арқасында Джон Мюррейдің қақпасына бір шайба салып үлгерсе, кездесудің соңына қарай Михаил Рахманов мүлт кетпей, матчты овертаймға дейін жеткізді.

Қосымша 5 минутта Артем Бурделев құлагерліктердің қақпасына үшінші шайбаны салып, командасына жеңіс сыйлады. Айта кету қажет, бұған дейін Вячеслав Беланның шәкірттері бір жарым ай бойы 9 ойынын қатарынан негізгі уақытта ұтқан болатын. Ал, бұл жолғы сәтсіз сериядан 1 ұпай еншілеген петропавлдық ұжым 72 баллмен турнирлік кестеде төртінші орынға түсті, үшіншіге 73 ұпаймен павлодарлық “Ертіс” командасы көтерілді. Жергілікті клубтың келесі ойыны Петропавлда Спорт сарайында қаңтардың 23-і мен 24-і күндері өтеді. Онда құлагерліктер астаналық “Номадты” қабылдайды.

 

Риат Шони