Аптадағы маңызды жаңалықтар

Петропавл қаласында 300-ден астам автобусқа GPS трекер құрылғысы орнатылды

Серік Серғазы – “KazInterSoft” ЖШС директорының орынбасары:

-Барлық мәлімет GSM (ДжиСиЭм) байланысы арқылы GPS (ДжиПиЭс) трекерге одан соң Астана қаласындағы серверге жолданады. Осылайша онлайн режимінде автобустардың қозғалу уақытын біліп отыруға болады. Ақпарат 5-10 секунд сайын жаңартылып тұрады. Бұл бағдарламаны әрбір тұрғын “Infobus.kz” (инво баз кз.) сайтына кіріп үйдегі, жұмыстағы компюьтерге, қолда бар планшет, ұялы телефонға тегін жүктеп ала алады. Тек ұялы қосымшаларда “Android” жүйесі болуы тиіс.

Бұл бағдарламаны астаналық “KazInterSoft” компаниясының мамандары жасап шығарған екен. Сондықтан, мұны отандық өнім деп айтуға толық негіз бар. Жобаны жасаушылар мұндай жүйені Қазақстанның 12 қаласында енгізген. Бүгін облыс әкімі Ерік Сұлтанов қаңтар айының басында шаһарымызда іске қосылған бағдарламамен танысты.

Сергей Вахрин – “KazInterSoft” ЖШС мониторинг бөлімінің жетекшісі:

-“Infobus.kz” (инфобаз кз) порталында маршруттардың схемасы толығымен көрсетілген. Мына кішкентай нүктелер – автобустар. Мына жерде жолаушылар көлігі қоңыр түске боялған. Бұл автобустың тұраққа қойылғандығын білдіреді.

Бағдарлама қыс мезгілінде тиімді. Тұрғындар қатты аяздарда далада тоңып тұрғанша, үйден шықпай-ақ, “Infobus.kz” сайтына кіріп, автобустың жүру кестесін біле алады.

Галина Семенова – “СҚО Автокөлік одағы” қауымдастығының төрайымы:

-Бүгінде жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын компания басшылары “KazInterSoft” ЖШС-мен келісім-шартқа тұрды. Бұл жаңашылдық қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған. Жүргізушілер жұмысына ұқыпты қарайтын болады. Жолаушылардың шағымы азаяр деген үміттеміз. Аталмыш шараға жергілікті қазыналардан бір тиын да қаражат жұмсалған жоқ. Барлық қондырғыларды “KazInterSoft” компаниясы өз қаражаты есебінен орнатты.

Бүгінде тоғыз мыңнан астам петропавлдық аталмыш бағдарламаларды мобильді қосымшаларына жүктеп алыпты.

Валентина Заболоцкая:

-Мен автобуспен күнде қатынаймын. Мұндай жаңашылдыққа ризамын. Бұл қызметті жиі пайдаланатын боламын.

Осы күні аймақ басшысы Ерік Сұлтанов Спорт сарайының жанындағы аялдамаға орнатылған “Ақылды таблоны” көрді. Дәл осындай құрылғы көтерме сауда орталығы, Спорт сарайы мен “Сокол” СҮ-нің жанындағы аялдамаларда бар. Алдағы уақытта қала бойынша ақпараттық таблолардың саны 23-ке жетеді.

Владимир Кулишов – “KazInterSoft” ЖШС қызметкері:

 

-Ақпараттық таблодан ауа температурасын көруге болады. Сондай-ақ, мереке күндері астыңғы жүгіртпе жолақшасына автобустардың жүру бағытының өзгеретіндігі жөніндегі хабарландырулар жайғастырылады. Құрылғыда диодты жарық шамдары бар. Сондықтан, барлық ақпаратты түнде де анық көруге болады. Бұндай бір таблоның құны – 1,5 млн теңге.

Бүгінде “KazInterSoft” компаниясының өніміне ресейліктер де қызығушылық танытуда. Аталмыш кәсіпорын ел нарығында 2002 жылдан бастап жұмыс істейді.

Берік Қасен