Спорт

Таразда өткен грек-рим, еркін және әйелдер арасындағы күрес бойынша ҚР чемпионаты аяқталды

Жарыстың бірінші күнінде ең алдымен палуандар арасында грек-рим күресінен белдесу өтті. Бұл сында 59 келі салмақ бойынша боз кілемге шыққан солтүстіқазақстандық Ақан Беймағамбетов қола жүлдегер атанды. Ал, 98 келі салмақ санатындағы жерлесіміз Жанарбек Қабдолов күміс медальға ие болды. Сондай-ақ, әйелдер арасындағы күресте 55 келі салмақ дәрежесінде теріскейлік спортшылар Марина Зуева 3-ші орынға және Айша Уалишан 58 келі салмақ бойынша 2-ші орынға тұрақтады.

 

Сагыныш Маркашева