Құқық қорғау органдары

СҚО ІІД алғаш рет тәртіптік комиссияның ашық отырысын өткізді

Серікжан Жолдыбаев – СҚО ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары:

-Заңға қайшы әрекет еткендерге кешірім жоқ. Қазір бұл іспен ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнің СҚО бойынша департаментiнің тергеушілері айналысуда.

Бұл факті бойынша өңірдің бас полицейі Берік Біләлов Петропавл қаласы ІІБ бастығы Анатолий Мурзыкановтан қарамағындағы қызметкерлер не себепті заңбұзушылыққа барғандығын сұрастырды.

Анатолий Мурзыканов – Петропавл қаласы ІІБ бастығы:

-Біз әрдайым жемқорлықтың алдын алу шараларын жүргіземіз. Қызметкерлерді бұндай заңбұзушылыққа не иетермелегенін айта алмаймын. Жағдайлары жасалған, ештеңеден таршылық көрген емес.

Басшы қанша ақталғанымен орта буын қызметкерлерінің жұмысы Берік Біләловтың көңілінен шықпауда. Бұл ретте генерал-майор криминалдық полицейлерді қатаң сынға алды.

Жасалған құқықбұзушылық заңмен жазалану керек. Жиында облыстық ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Нұрлан Құрманов парақорларға қатысты қандай шешім қабылданғандығын жариялады.

Нұрлан Құрманов – СҚО ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы:

-Қос капитан Ербол Шаинов пен Жангелді Сахатов жұмысынан босатылсын. Сонымен қатар, заңбұзушылыққа жол бергені үшін Петропавл қаласы ІІБ криминалдық полиция бөліміндегі бөлімше бастығы Жанат Таңатқанов, ІІБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Серік Әлжанов қазіргі қызметінен босатылсын. Қалалық ІІБ бастығы Анатолий Мурзыканов пен орынбасары Асан Мейрамовқа және де бірқатар жауапты тұлғаларға сөгіс жарияланады.

Сондай-ақ, селекторлық тәртіпте өткен ІІД тәртіптік комиссия отырысында көлік жүргізушіден 20 мың теңге көлемінде пара алған Есіл аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерінің әрекеті де талқыланып, тиісті шешім шығарылды.

 

 

Риат Шони