Білім

Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицейге 25 жыл толды

Тоқсаныншы жылдардың басында Александр Слухаевскийдің жетекшілік етуімен бір топ педагогикалық қызметкер осы бағытты басшылыққа алып, оқыту үрдісіне тың әдістер мен жаңашылдықтарды батыл түрде енгізе бастады. Бұл сол кездері білім саласындағы тың серпіліс болатын. Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицейдің аты шығып, республикамызда алдыңғы қатарлы білім ошағы саналды.

Мұнда өңірімізде тұңғыш рет профильдік оқыту әдістері енгізілді. Осылайша, оқушылар физика, химия пәндерін тереңдете меңгеруге мүмкіндік алды. Сондай-ақ, жергілікті лицейде бастауыш сыныптарда ағылшын тілі мен информатика пәндері оқытылып, мұғалімдері сабақ барысында компьютерлерді пайланды. Мұның бәрі әлбетте өз жемісін берді, көп кешіктірмей бұл әдістер Қазақстанның өзге де мектептеріне енгізіле бастады. Тарих қойнауында қалған осы зор жетістіктерімен бүгінде лицей ұжымы мақтанады.

Елена Коноплева, Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицейдің директоры:

-Қазір Назарбаев Зияткерлік мектептерінде кураторлар институты жұмыс істейді. Ал бұл біздің лицейде бұрыннан бар болатын. Кураторлар институтының мұғалімдер мен оқушыларға берері мол. Бастысы, ұстаздар мен шәкірттер бірін-бірі жақсы түсіне алады.

Берик Касен