Спорт

Солтүстікқазақстандық жас спортшылар республикалық жарыста суда жүзуден үздік атанды

Аязхан Сапар – әл-Фараби мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы:

-Қостанайда өткен жарыста қарсыластарым өте мықты болды. Бірақ, мен олардан озып кеттім. 2014 жылы Теміртауда өткен сайыста үздік үштікке ілінгенмін. Одан кейін біраз еңбектендім. Нәтижесінде жеңімпаз атандым. Бапкерлеріме рахмет.Суда жүзумен айналысуды тастамаймын. Болашақта ҚР чемпионы атағын алғым келеді.

Мұндай жетістікке қол жеткізу үшін жасөспірімдер аптасына 6 рет 3 сағаттан суда жүзіп, шынығады екен. Еңбектеніп, тырысқан адам ғана діттеген мақсатына қол жеткізіп, үлкен нәтиже көрсетеді дейді жаттықтырушы Александр Труш.

Александр Труш – суда жүзуден екінші дәрежедегі жаттықтырушы:

-Бұл сайыста біздің жігіттер жарады. Біз арқамен жүзуден 1-ші, баттерфляйдан – күміс, ал брасстан үшінші орынға ие болдық. Сондай-ақ, командалық эстафетадан біздің құрама үш бірдей бірінші орынды иеленді. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Бірақ, біздің ендігі мақсатымыз – спорт шеберіне үміткерлер санын көбейту.

Енді бұл спортшылар сәуір айында Астана қаласында өтетін республикалық жарысқа дайындалуда. Жалпы бүгінде «Дельфин» бассейнінде суда жүзумен петропавлдық 300-ден астам бала айналысады екен.

 

 

Айгерим Ержанова