Білім

Саяси партия жастардың сапалы білім алуларына көмектесуде

Ал қонақ бөлмеде жасөспірімдер “Ауыл” партиясының облыстық филилалының төрағасы Иван Кендюхтің келуін тағатсыздана күтуде. Жүздесуде жоғары сынып оқушылары партия өкілімен емен-жарқын әңгімелесіп, өздерін толғандырған сауалдарын да жолдай алды.

Иван Кендюх – «Ауыл» ХДПП СҚОФ төрағасы:

-Менің негізгі міндетім – осындай балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жеткіншектерді мемлекет есебінен қалаған оқуларына түсуге көмектесу. Оларды әрі қарай жұмысқа орналастыру да ойда бар. Сол себепті, бұл шараны бір рет қана өткізіп қоймай, алдағы уақытта үнемі ұйымдастырып отыруымыз қажет.

Үстіміздегі жылы отбасылылық үлгідегі балалар ауылында 9-11-ші сыныптарды 9 түлек бітірмек. Бүгінде мұнда 7 мен 17 жас аралығындағы 52 жасөспірім тәрбиеленуде.

Елена Султангереева – отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушісі:

-Мен ел ағаларының біздерді ұмытпай, қамқорлық танытып жатқандарына алғысым шексіз. Болашақта бастауыш сынып мұғалімі мамандығын таңдап, осы істің қыр-сырын меңгергім келеді. Қалаған мамандыққа еш қиындықсыз түсемін деген ойдамын.

Кездесу барысында Иван Кендюх суда жүзумен айналысқысы келетін балалар алдағы уақытта Петропавлдағы бассейндердің біріне тегін бара алатындықтарын жеткізді.
Партиялықтар өткен жылдың соңында “Ауылым – алтын бесігім” акциясын қолға алған болатын. Сондықтан, саяси қайраткерлер қамқорлыққа мұқтаж жандарға қарайласып жүруді басты міндеттері санайды.

 

 

Бакыт Садуакасов