Спорт

Қырғыз бапкерлері Петропавлдағы спорттық нысандармен танысты

Ал, Сүйүнбек Бошубеков – Қырғызстандағы Нарын облысының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде еркін күрестен жаттықтырушы. Ол да палуан тәрбиелеуде Қазақстаннан үйренеріміз көп деп отыр.

Сүйүнбек Бошубеков, Нарын облыстық БЖСМ еркін күрестен жаттықтырушысы, Қырғызстан Республикасы:

-Біз тәжірибе алмасу мақсатында келдік. Мұндағы спорттың деңгейі туралы бұрыннан хабардармыз. Ал қазір дайындық қалай жүретінін, ол үшін қандай тәсілдер қолданылатынын білуге мүмкіндік туды. Біздің Нарын облысында көбіне бұқаралық спорт түрлерінің дамуы кенжелеп қалуда. Осылай өзге елдерден тәжірибе алып, олқылықтың орнын толтырғымыз келеді.

Меймандар бұған дейін де қаламыздағы бірқатар спорт нысандарын аралапты. Қазақстанның солтүстігіне жасаған екі күндік сапарымызда көргеніміз көп дейді.

Эльзар Болотбеков, Нарын облыстық спортты дамыту мен қолдау қорының президенті, Қырғызстан Республикасы:

-Спорт сарайында болдық. Өте керемет. Бізде ондай жоқ. Сосын мұнда баланы кішкентай кезінен спортқа баулып, белгілі бір дәрежеге жеткізеді. Яғни, саты бойынша дамиды.

Қырғыз бауырлар СҚО-ның спорттағы жетістіктері жайлы деректі фильм түсіруде. 1 сағаттық бейнематериалды олар өз елдерінде көрсетпек.

 

 

Акбопе Танирберген