Мәдениет

Петропавлда Қазақстан Суретшілер Одағының облыстық филиалы ашылды

Жалпы біздің өңірде он саусағынан бал тамған жиырмаға жуық қылқалам шеберлері бар. Олардың туындыларын қаламыздағы бейнелеу өнері мұражайынан тамашалауға болады. Онда картина авторлары ақ қайыңдар өлкесінің табиғатын бейнелеп көрме ұйымдастырған. Қайталанбас еңбектер акварель, гуашь, май бояуларымен салынған.

Марат Қожахметов – ҚР Суретшілер Одағы облыстық филиалының төрағасы:

-Жақында біз Әбілхан Қастеев атындағы ұлттық көркемсурет мұражайында “Қазақ хандығына – 550 жыл” атты республикалық көрмеге қатыстық. Енді болашақта әр жылдың аяғында үлкен шаралар ұйымдастыратын боламыз.

 

Култанов Байболат