МТРА жаңалықтары

Қыс мезгілінде жабайы жануарларды қоректендіру

Сергей Слепцов – Бескөл аңшылық шаруашылығының аға аңшысы

– Бескөл аңшылық шаруашылығында жанураларды жыл сайын қоректендіреміз. Негізінен азық ретінде бұтақ, астық қалдықтары мен тұзды оттықтарға саламыз. Биыл қар астында қалған астық бар, сондықтан қазір жануарлар көбіне соны қорек етеді. Дегенменде, азықтарды әкеліп тұрамыз.

Жалпы Бескөл аңшы шаруашылығының аумағы 86 мың гектар. Мұнда 10-нан аса жем салатын алаңдар бар. Көбіне бұнда қоян мен еліктер қорек іздеп келеді.

Максим Ушаков – СҚО аңшылар мен балықшылар қоғамының аңшысы

– Биылғы жылы бізде 12 аңшылық шаруашылығымыз бар. Олардың барлығында 50 тонна сабан, 40 тонна астық қалдығы мен 16 мыңға жуық бұтақтар бар. Бұл жерлерде негізінен сібір елігі, қояндар, шіл, қабандар мен түлкілер мекендейді. Соңғы екі жылда жануарлардың өлімі тіркелген жоқ.
Жабайы жануарларды азықтандыру маусымы наурыз айының соңына дейін жалғаспақ.

 

Риат Шони.