Құқық қорғау органдары

Дәрігерлерге жалған қоңырау шалған қала тұрғыны ұсталды

Ол дәрігерлерді әзілдемек мақсатта 103 нөмірін теріп, өзін әлдебіреулер ұрып, жертөледе күштеп ұстап отыр деп айтқан. Ақ халаттылар болса бұл оқиғаны бірден полицияға хабарлаған.

Телефонмен хабарласқан азамат өзі орналасқан ауданды жобалап айтып беріпті. Алайда, тәртіп сақшылары сол маңайда орналасқан құдықтар мен жертөлелерді түгел тексергенімен ешкімді байқамаған.

Жедел іздестіру шаралары барысында жалған хабарлама таратқан ер адам сол күні мас күйінде қолға түседі. Ол бұл қылығын жөнді түсіндіре алмады.

Александр:

– Да головой ударился, извините пожалуйста, они приехали потом по вызову, увезли сюда, вот сейчас все нормально.

Дәрігерлерге жалған қоңырау шалып, тәртіп сақшыларын бекерге дүрліктірген азаматқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 438-бабы бойынша хаттама толтырылды. Осылайша оған 60 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Култанов Байболат