Құқық қорғау органдары

Петропавлдық тұрғынның үйінен 39 граммнан астам героин табылды

Сарапшылардың айтуынша тәркіленген зат – салмағы 39 граммнан асатын героин болып шықты.

Диана Смағұлова – Петропавл қалалық ІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің аға жедел уәкілі:

– Күдіктінің үйінде тексеріс жүргізу барысында 39 грамм героин есірткі заты тәркіленді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында күдіктінің бұрын да ұрлық жасап сотты болғаны анықталды. Ірі көлемдегі есірткіні танысынан алған көрінеді. Бірақ, өзі нашақор емес. Героинды қандай мақсатта иеленгені қазір тергелу үстінде.

Күдікті:

– Вы о содеянном сожалеете?


– Конечно, сожалею. Сильно сожалею, я вообще, не могу прям. Я вот два дня здесь нахожусь.

Айту керек өткен жылы облыс аумағында есірткіге байланысты 334 қылмыстық оқиға тіркелген. Салмағы 320 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленіп алынған. Оның бір жарым килограмы – героин.

Акбопе Танирберген