Қоғам

Өңір тұрғындары Елбасы Н. Назарбаевтың “Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол” мақаласын талқылауда

“Барбанг” күрдтердің қауымдастығы” қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Рашид Надиров стратегиялық құжаттың 88-қадамында айтылғандай, осы күні жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясын ілгерілетуге ат салысуымыз қажет дейді.

Рашид Надиров – “”Барбанг” күрдтердің қауымдастығы” РҚБ СҚО бойынша филиалының төрағасы:


– “100 нақты қадам” – Ұлт жоспары нақты іс жүзінде жүзеге асырыла бастайды. Стратегиялық құжаттың аясында 59 заң қабылданып, үстіміздегі жылы күшіне енді. Биыл бірқатар мемлекеттік бағдарламалар іске асырылады , тиісінше, жаңа жұмыс орындары құрылады. Жұмыс беруші мен еңбеккердің қарым-қатынасы заң аясында реттеледі.

Рашид Надиров қазір жастар белсенді, бастамшыл болып, жұмысшы мамандықтарға сұраныс көп өңірлерге баруы тиіс деп есептейді. Кезінде өзі де, яғни 25 жыл бұрын үлкен адамдардың кеңесі бойынша теріскейге ОҚО-нан жұмыс істеуге келген.

Рашид Надиров – “”Барбанг” күрдтердің қауымдастығы” РҚБ СҚО бойынша филиалының төрағасы:


– Мысалы, қазір ОҚО-да тұрғындар көп. Олар еңбек күші жетіспейтін аймақтарға барған дұрыс деп есептеймін.

Рашид Надиров – өңіріміздегі белсенді адамдардың бірі. Бүгінде медицина саласы бағытында өз алдына жеке кәсіп ашып, сонымен қатар облыстық күрдтер этномәдени орталығын басқарып отыр.

Рашид Надиров – “”Барбанг” күрдтердің қауымдастығы” РҚБ СҚО бойынша филиалының төрағасы:


– Ұлт жоспарын іске асыруға әр адам ат салысу қажет. Сонда ғана мақсатымыз орындалады.

Жерлесіміздің айтуынша, “100 нақты қадам” Ұлт жоспарында жүктелген тапсырмаларды жүзеге асырудың арқасында біз жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап бере отырып, күрделі кезеңнен сенімді өте аламыз.

Берік Қасен