МТРА жаңалықтары

Мектеп оқушылары Петропавл қалалық ІІБ-ның уақытша ұстау изоляторының жұмысымен танысты

Сондықтан, бұл мекеменің жұмысымен танысуға келген оқушыларды бізге нысан сыртында күтуге тура келді. Ғимараттың ішін көріп шыққан 14 жасар Александр Дорогаев сабақты жақсы оқып, тәртіпті болу керек дейді.

Александр Дорогаев – оқушы

– Уақытша ұстау мекемесіндегі қамауда отырған адамдарды көріп жаным ашыды. Аяғын шалыс басқандар көп екен. Изоляторды аралау кезінде өзіме біраз пайдалы кеңестер мен қызықты ақпараттар алдым. Өзімнің жора-жолдастарым көп, бос уақытты да тиімді өткіземіз. Жүрген жерімізде тәртіп бұзбауға тырысамыз.

“Тәрбие тал бесіктен” деген қағиданы жақсы білетін прокуроратура қызметкерлері жасөспірімдер арасында кездесетін заңбұзушылықтарды алдын алуда мұндай бағыттағы экскурсиялардың мәні зор, – деп отыр.

Раушан Қожахметова – облыс прокурорының аға көмекшісі:

– Соңғы уақытта облыста кәмелекте толмағандар арасында жасалатын қылмыстар мен құқықбұзушылықтар саны азайып келеді. Мәселен, жасөспірімдер тарапынан болатын 2014-ші жылы 783 факті орын алса, өткен жылы 705 заңбұзушылық тіркелді. Бұл көрсеткіштің төмендеуі жеткіншектердің қатысуымен өткізілетін алдын алу шараларының арқасында мүмкін болды.

Бұл жолы қадағалаушы орган қызметкерлерінің бастамасымен ұйымдастырылған шараға 18 жасөспірім қатысты.

 

Бакыт Садуакасов