Спорт

Петропавлда акробатикадан өткен екінші халықаралық жасөспірімдер турнирі қорытындыланды

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметі берген ақпаратқа сүйенсек, солтүстікқазақстандықтар 17 жүлделі орын еншілеген. Жекелей сында спортшылар арасынан үздіктер қатарына 13 пен 14 жас аралығындағы жергілікті спорт мектебінің тәрбиеленушілері Виталий Дель, Олег Ремигайло мен Александр Шашков енді. Ал топтық секіруде жерлестеріміз қарсыластарын оза шауып, жеңіс тұғырында бірінші орыннан көрінді. Нәтижесінде біздің қыз-жігттеріміз спорттық акробатика мен батутта секіруден бір-бір алтыннан қанжығаға салды.

Айгерим Ержанова