Құқық қорғау органдары

Өткен жылы облыс бойынша «102» нөміріне 163 000-ға жуық қоңырау шалынған

Былтыр облыс бойынша «102» нөміріне 163 000-ға жуық хабарлама түсіп, 282 қылмыс анықталған. Қазіргі уақытта облыс аудандарында 84 камера жұмыс істеп тұрса, тағы 74-і шаһарымызда халық көп шоғырланған аумақтарда орнатылған. Қоғамдық орындар мен көшелерді осы бейне камералардың көмегімен бақылап отыратын жедел жоспарлау орталығы мамандарының заңбұзушылықтардың жолын кесуде көмегі зор. Мұнда полиция қызметкерлері тәулік бойы үш ауысымда жұмыс жасайды.

Гүлмира Ақышева – Петропавл қалалық ІІБ жедел жоспарлау орталығының инспекторы:

– «102» телефон нөміріне бір күн ішінде шамамен 400-дей шақырту түседі. Оның ішінде 85-і жедел әрекет етуді талап етеді. Көбіне олар отбасылық жанжалдар болып табылады.

 

Бакыт Садуакасов