Спорт

Оралда әйелдер арасында волейболдан Жоғарғы лига ойындарының 2-ші туры аяқталды

Спортшы қыздарымыз 5 кездесу өткізіп, соның төртеуінде жеңіске жеткен. Солтүстікқазақстандықтар 3 партияда оралдық “Грация KZ”-ті, “Астана-2” мен “Қарағанды-2” командаларын таза жеңіспен тізе бүктірген. Ал чемпионаттың көшбасшысы – оңтүстікқазақстандық “Алматиночкамен” жерлестеріміз оңай емес 5 партия өткізіп, 3-2 есебімен басым түскен. Спортшы қыздарымыздың жеңісті жорығын тек қостанайлық қарсыластары тоқтата алды. Қуаныштыкілер оларға 3-0 есебімен есе жіберіп алды. Айта кету қажет, 2 турдың қорытындысы бойынша алматылық және қостанайлық волейболшылардың еншісінде 8 жеңіс, ал солтүстікқазақстандық ұжымда 7-еу. Қазір жерлестеріміз турнирлік кестеде үздік үштікті тұйықтап тұр. Енді келесі үшінші тур ақпанның 2-сі мен 7-сі аралығында Петропавлда өтетін болады. Барлық ойындар облыстық спортқа дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатының дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде өтеді.

 

Риат Шони