Қоғам

Жыл басынан облыс аумағында жолда тұрып қалған 5 автокөлік құтқарылған

Аталмыш жағдайлар облысымыздың Ғ.Мүсірепов, Жамбыл және Қызылжар аудандарында тіркеліпті. Апаттық-құтқару жұмыстары қызметіндегі арнайы техниканың көмегімен аудандарда 42 шақырым жол қардан тазартылған. Сондай-ақ, қазір облыс аумағында 240 жылыту пункттері жұмыс істеуде. Бұл бекеттер әсіресе, алдағы демалыс күндері қажет болып қалуы мүмкін. Өйткені, сенбі, жексенбіде ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

Евгений Журавлев – СҚО ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы:

– Егер де жүргізушілер ауа райының қолайсыздығына қарамастан қала сыртына шығатын болса, онда барлық сақтық шараларын ұстанған жөн. Бірінші кезекте, көлігіңізде ақау болмауы шарт. Бұл – бастысы. Ал содан соң, машинаңыздың багы жанар-жағармайға толы болуы керек. Сондай-ақ, жолға арналған тамақ пен жылы киімдер, термостағы ыстық шай мен байланысқа шығып тұратын телефон да болуы қажет. Келеңсіз жағдайға тап болған солтүстікқазақстандықтарды 112 нөміріне хабарласуын сұраймыз. Мамандар бірден көмекке келеді.


 

Айгерим Ержанова