МТРА жаңалықтары

2015 жылдың желтоқсан айында СҚО-да күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасы 18 319 теңгені құрады

Орташа есеппен алғанда, оның 11 мың теңгесі азық-түлікке жұмсалыпты. Қалған жеті мың теңгеден артық сома тағамдық емес және ақылы қызметтерге кеткен. Азаматтар ет пен балық сатып алу үшін қаражатының 21 пайызын, май және сүт өнімдеріне – 16 пайыз, жеміс пен көкөністерге 10 пайыз қаражатын жарататын көрінеді. Былтырғы көрсеткіш бойынша аудан орталықтарында күнкөріс минимумы 18 жарым мың теңгеден сәл асады, ал Петропавл қаласы бойынша бұл сома 600 теңгеге жоғары. Осы тұста айта кетейік, үстіміздегі жылдың қаңтар айынан елімізде күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасы 22 859 теңге болып бекітілді.

Берик Касен