Ауыл шаруашылығы

Қаңтардың 9-ы облыс орталығында ауылшаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтеді

Осы күні жарты сағатқа кешігірек Егемен Қазақстан, 1Б мекен жайындағы “Солтүстік” базарында да осындай жәрмеңке ұйымдастырылмақ. Онда сіздер ет, сүт, кондитерлік өнімдер, ұн, картоп, жұмыртқа, бал сынды бірінші кезекте тұтынатын азық-түлікті сатып ала аласыз. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің айтуынша, бұл күні өнім бағасы базардікіне қарағанда 10-15 пайызға арзан болады. Мәселен, шекердің келісі 190 теңге болса, күріш 175 теңгеден сатылады. “Солтүстік” базарына 11, 26 және 31-ші бағыттағы автобустармен жетуге болады.

 

Сагыныш Маркашева