Балалар

Петропавлда балалар арасындағы дәстүрлі “Рождестволық қиял” байқауы қорытындыланды

Ол жеңімпаздарға сыйлықтар мен тәттілер үлестіруде. Сый-сияпатқа №1 өнер мектебінің оқушысы Венера Молдабаева да иеленді. Оның “Рождестволық періште” аталған мына мүсіні үшінші орынға лайық деп танылған.

Венера Молдабаева, №1 өнер мектебінің оқушысы:

-Байқауларға көп қатысамын. Бүгін түрлі сыйлықтарға қол жеткіздім. Маған сыйлықтар алған ұнайды.

Ал, қаламыздағы “Юнеско клубы” көркемөнер лицейінің тәрбиеленушілері жасаған мына туынды келушілердің назарын бірден жаулап алды. Ерекше бұйымды жасауға қыздар 3 ай уақыттарын сарп еткен. Негізгі қажетті материалдар – пенопласт пен мата екенін де айта кеткен жөн.

София Афанасьева, “Юнеско клубы” көркемөнер лицейінің оқытушысы:

-Жұмысты киносайка техникасы бойынша орындадық. 6 адам орындадық. Композиция “Жұлдыздар астында” деп аталады. Мұнда Иса Пайғамбардың өмірге келуі мен сол кезде жанында болған жандар бейнеленген.

Биыл осымен “Рождестволық қиял” байқауы 6-шы рет өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл жолғысының жөні бөлек.

Виктор Сайко, Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы “СҚО орыс қауымдастығы” ҚБ төрағасы:

-Байқауға қатысушылар жіберген түрлі еңбектердің арасынан үздігін таңдап аламыз. Биыл СҚО-нан бөлек, Қарағанды, Қостанай және Көкшетау қалаларынан өнерпаздар жұмыстарын жіберген. Барлық қатысушыларға түрлі сыйлықтар табысталуда.

Шара соңы өнерпаздарың кішігірім концертіне ұласты.

 

 

Акбопе Танирберген