Спорт

“Құлагер” командасы сапынан қос ойыншы кетті

Екеуі де Қазақстан кубогы мен ашық чемпионаттың алғашқы айналымында сәтті өнер көрсетті. Ансси Рантанен ел біріншілігінде 34 кездесу өткізіп, 16 нәтижелі баллмен көзге түскен. Енді қорғаушы өзінің мансабын даниялық “Сондерийске” хоккей клубында жалғастырмақ. Ал Янне Лаакканен болса осыған дейін “Құлагер” сапындағы ең үздік шабуылшы саналып келді.

Ол 35 кездесу өткізіп 14 нәтижелі пас шығарып, қарсылас командалардың қақпа торында шайбаны 23 рет тулатқан. Ресми емес деректер бойынша финдық ойыншы енді өз мансабын Беларуссияда жалғастырмақ. Сонымен “Құлагер” командасының сапын ресейлік шабуылшы Кирилл Елагин толықтырды. 28 жастағы хоккейші Жоғарғы Хоккей Лигасында қорғандық “Зауралья” командасының намысын қорғаған. Онда 21 кездесу өткізіп 11 нәтижелі балл еншілепті” деп хабарлайды “Құлагер” хоккей клубының баспасөз қызметі. Ал жерлес команда биылғы жылы өзінің алғашқы кездесуін қаңтардың 8-і мен 9-ы күндері өткізеді. Онда петропавлдық ұжым Спорт сарайында рудныйлық “Горнякты” қабылдайды. Бірінші ойын жұма күні сағат 19-00 де басталады.

 

Риат Шони