Құқық қорғау органдары

Петропавлда Қырғызстан азаматы салмағы 96 келіге жуық марихуанамен ұсталды

Данияр Найкин – Петропавл қаласы ІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің бастығы:

-Жол талғамайтын көлікті Петропавл қаласының тұрғыны тізгіндеген. Сонымен қатар, бұл машинада облыс орталығына 25-ші желтоқсанда келген 46 жастағы Қырғызстан Республикасының азаматы отырған. Көлікті тінту барысында шетелідік азаматқа тиесілі скотчпен оралған үш сөмке табылды. Сот-химиялық сараптамасының актісі сөмкенің ішіндегі салмағы 96 келі болатын кептірілген марихуана екендігін көрсетті.

Енді құрықталған азаматтың кінәсі дәлелденсе өмірінің 10 жылын темір тордың арғы жағында өткізеді. Қазір заңбұзушы тергеу изоляторында қамауда отыр.

Задержанный:

-Получается, вы знали, что находилось в этих мешках? Сейчас жалею.

Жалпы бұл – облыста 2016-шы жылдағы есірткі затын тәркілеудің алғашқы фактісі. Ал былтырғы жылы өңірде есірткіге қатысты 334 заңбұзушылық тіркеліп, 320 келі ұнтақ тәркіленген. Оның жартысына жуығы – героин.

 

 

Риат Шони