Құқық қорғау органдары

Петропавлдық жол-патрульдік полиция қызметкерлері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті

Олар мереке күндері автокөлік иелерінің жол қозғалысы ережесін сақтауларын қадағалау мақсатында алдын алу жұмыстарын қолға алған. Полицейлер темір тұлпар тізгіндеушілерге жолдағы сақтық шаралары жайлы ескертіп, жаднама қағаздар таратуда. Сондай-ақ, қала ішінде көлік кептелісін азайту үшін көшелерде реттеушілер жұмыс істеуде. Жалпы Жаңа жыл түнінде шаһарда полиция қызметкерлері кезекшілік атқармақ. Адамдар көп жүретін орындарды жасақтар мен автопатрульдер бақылайды.

Култанов Байболат