Әр түрлі

Желтоқсан айының соңғы күндері аязды болады деп күтілуде

Желтоқсан айындағы үшінші онкүндікте ауа райы күрт жылып сала берді. Салдарынан тас жол көк тайғаққа айналды. Бірақ соған қарамастан, теріскейліктер мерекелік көңіл-күйлерін жоғалтпаған сыңайлы.

-Жаңа Жылда күн жылы болса деймін. Өйткені мен далада ойнап, отшашуды көруге барамын.

-Мереке күні аязды болатын сияқты. Сондықтан мешін жылын үйде отбасымызбен қарсы аламыз.

-Ауа райы -5-6 градус болса екен. Суық та емес, бірқалыпты жылы температура. Көңіл-күйіміз де жақсы, көтеріңкі болушы еді.

Казгидромет орталығы мамандарының айтуы бойынша, жаңа жыл қарсаңында ауа температурасы күрт төмендеуі мүмкін.

Гүлзат Ғазизова – СҚО гидрометеорология орталығының ауа райын болжау бөлімінің басшысы:

-Жаңа Жыл қарсаңында, яғни желтоқсанның 31-і күні облыстың кей аймақтарында қар жауып, қатты жел мен боран соғады деп күтілуде. Алдағы бірнеше тәулікте түнде сынап бағанасы 20-25 , кей жерлерде 28 градусқа дейін жетіп, аязды болады. Ал күндіз ауа температурасы 15-20 градусқа дейін төмендеуі мүмкін

Ал Жаңа мешін жылының бірінші күнінде жауын-шашын болмайды. Бірақ, ауа температурасы -32 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Ал 2-ші қаңтарда аяздың беті қайтып, сынап бағанасы -18 градусты көрсетеді.

 

Айгерим Ержанова