Энергетика

Жаңа жылдан бастап энергия бағасы қымбаттайды

Тағы сараланған тарифтерді қолданудан монополистер шығынға батуда. Сондықтан олар қызмет құнын 7,5 пайызға өсіру туралы ұсыным тастаған. Монополияға қарсы департамент мамандары энергетиктердің өтініштерін қарай келе тарифті 5,5 пайызға өсіруге рұқсат берген. Сөйтіп, осыған дейін жеке тұлғалар 1 квт электр қуаты үшін 12,28 , ал заңды тұлғалар 14,68 теңге төлеп келсе, жаңа жылдан бастап бұл сома өсетін болады.

Арман Өтегенов- СҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы:

-Сараланған тарифтерді айтатын болсақ, бұл тарифтер халыққа және заңды тұлғаларға бөлдік. Халық 1-ші қаңтардан бастап, 12,94 теңге төлейді. Заңды тұлғалар 15,51 теңге төлейтін болады.

 

Магжан Ахмадина