Қайырымдылық

Солтүстікқазақстандық полицейлер Жаңа жыл мерекесіне орай қайырымдылық акциясын өткізді

Жаңа жылды, әсіресе балалар асыға күтеді. Мұны ескерген полицейлер балғындарға құр қол келмей, тарту-таралғыларын да сыйлады.
Тәртіп сақшылары акция аясында соғыс ардагерлерін де ұмыт қалдырған жоқ. Олар 8 қарт майдангердің үйінде болып, азық-түлікке толы себет табыстады.

Динара Бекжанова – СҚО ІІД әскери-аумақтық дәрігерлік комиссиясының психологы:

-Бұл балалар үйіне жылда келіп тұрамыз. Бүлдіршіндердің барлығының көңілдері көтеріңкі. Оларға зор денсаулық, сабақтарын жақсы оқуларына тілектеспіз.

 

Бакыт Садуакасов