Құқық қорғау органдары

“Оңтүстік” өткізу бекетінде көліктегі өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау бойынша рейд өтті

Бір қуантарлығы, облыс аумағында темір тұлпарлардың отқа орануы өткен жылғыдан қарағанда 28 пайызға азайған.

Тұрлыбек Ғабдуллин – Петропавл қалалық төтенше жағдайлар басқармасының инженері:

– Биылға көліктерде шыққан өрттің саны 30-ға жетті. Қазір екінші орында. Өрт көбіне жүргізушілердің қызмет көрсету және өрт сөндіру құралдарын жұмыс уақыты өтуі мен сымдардың тұйықталуынан орын алады. Айтатыным қала тұрғындары жоспарлы техникалық қызмет көрсетуді қатаң сақтап, өрт сөндіру құралдарын қадағалап, сақтауды сұраймыз.

Мамандардың айтуынша әр автокөлікте бірінші кезекте өрт сөндіру құралы, медициналық қорапша мен күрек болуы қажет.
Шара барысында жол сақшылары бекеттен өткен әр көлікті тоқтатып, құтқарушылар жүргізушілерге өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді. “Ниссан” маркілі темір тұлпарды тізгіндеген Қайрат Сайпеновтың рөлге отырғанына бірнеше жыл болған. Тәжірибелі жүргізушінің автокөлігін тексерген мамандар машинада барлық талаптар сақталған деген ұйғарымға келді.

Қайрат Сайпенов – көлік жүргізуші:

– Қандай ережелер бар, соның барлығын үнемі сақтаймын. Көлігім талаптарға сәйкес келеді. Көп жағдайда көлік жүргізушісіне байланысты. Өзінің көлігін қалай сақтайды, қорғайды. Анда-санда капотты ашып қарау керек.

Жалпы бұл күні “Оңтүстік” бекетінде 30 автокөлік тексеріліп, жүргізушілерге қажетті кеңестер берілді.

Бакыт Садуакасов