Қайырымдылық

Петропавлда жарымжан балғындарға арналған Жаңа жылдық шырша өтті

Гүлвира Инебекова – ата-ана:

– Бүгінгі кеш біздің балаларға керемет көңіл күй сыйлауда. Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз. Ортаншы қызым Әлия Жаңа Жыл мерекенсін жақсы көреді. Сол себепті отбасымызбен оның қуанышын бөлісуге келдік. Ата-аналар да кішкентайларымен бірге балаша қуануда.

Кішкентай балғындарды Аяз Ата мен Ақшақар бастаған ертегі кейіпкерлері қарсы алды. Би билеп, мерекелік әндер де шырқалды. Бұл кешке мүмкіндігі шектеулі балалар арнайы шақыртылған.

Неля Штайнбренер – «Надежда. Вера. Милосердие» қоғамдық көмек қорының директоры:

 

– Біздің қор балғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлауды қолға алды. Желтоқсан айының өзінде ғана біз ата-ана қамқорынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі, түрлі ауыр дертке шалдыққан балаларға арнап 3 Жаңа жылдық іс-шара өткіздік. Бұл,әрине, солтүтсікқазақстандық кәсіпкерлердің көмегі. Бизнесмендерге алғысым шексіз.

Мерекені демеушілердің арқасында жүзеге асырылған. Солтүстікқазақстандық жарымжан балаларға өңір кәсіпкерлерінің 21-і көмек қолын созыпты. Кеш соңында 70-тен астам бүлдіршін Аяз Атаның қолынан тәтті сыйлықтар алды.

Айгерим Ержанова