Қайырымдылық

Петропалда туа біткен сал ауруына шалдыққан 23 балаға жаңажылдық сыйлықтар табысталды

Оған қаладағы “Большой” жиһаз дүкені қолдау көрсеткен. Осылайша жанашыр жандар туа бітті сал ауруына шалдыққан балғындарға қуаныш сыйламақ болыпты. Акция талабы бойынша тірек-қимыл жүйесі бұзылған науқас балалар Аяз атаға қандай сыйлық алғысы келетіндерін айтып хат жазған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, олар көбінесе түрлі жұмсақ ойыншықтарды сұратқан екен.
Сондай-ақ, шара барысында балғындардың көңілдерін көтеру үшін келер жылдың символы – мешін, Ақшақар және мыстан кемпірлердің рөлдерін сомдаған әртістер ертегілік қойылым қойды. Мерекелік дастархан жайылды.

Елена Зырянова – ата-ана:

 


–  “Большой” жиһаз дүкеніне үлкен алғысымды білдіремін. Менің ұлым Жаңа жыл қарсаңында үстелдегі футбол ойыншығын сұратқан. Міне, соған бүгін қолымыз жетіп отыр. Баламның да қуанышында шек жоқ. Мен сияқты ата-аналар да дән риза деп ойлаймын.

Култанов Байболат