Білім

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ мемлекеттік аттестациялаудан сәтті өтті

Бүгінде білім ошағында 4 мыңнан астам студент 50 мамандық бойынша оқиды. Биыл университет 5 жылда 1 рет өткізілетін мемлекеттік аттестациялауда жақсы нәтиже көрсеткен.

Оңдасын Әшімов – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры:

– Бізде техникалық мамандықтарға, құқықтану, экономика, музыка осындай факультеттеріміз бар. Қосымша тағы әскери кафедра бар. Қазір грантта оқитындар саны 65 пайызды құрап отыр. Қалған 35-і ақылы негізде оқиды.

Республикадағы белді университетте тәлім-тәрбие алатын студенттерге барлық мүмкіншіліктер жасалған. Жыл сайын білім ұйымының материалдық-техникалық базасы заман талабына сай жаңартылып келеді. Жоғарғы оқу орнында “Серпін” мемлекеттік бағадарламасы да сәтті жүзеге асуда. Қазіргі таңда өзге өңірлерден келген 420 студент білім нәрімен сусындауда.

Оңдасын Әшімов – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры:

– “Серпін” бойынша балалар келіп оқып жатыр ғой. Қазір 420 бала. Былтыр 138 бала алсақ, биыл 282 бала келді. Тәртіптері жақсы, біз ризамыз оларға. Электорндық тақта, мультимедиялық кабинет, тіпті лингафондық кабинеттер бар. Қазақ, орыс және шет тілдерін меңгеруге жағдай бар.

Сондай-ақ, Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік және қоғамдық қызметке қомақты үлес қосқаны үшін университет ректоры Оңдасын Әшімов “Парасат” орденін иемденді. Қала тұрғыны Жанарбек Тақыр М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің магистранты. Жас маман география пәнін меңгеруге мықтап ден қойған.

Жанарбек Тақыр – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ магистранты:

– География саласы әлемдегі ең қиын, күрделі салалардың бірі. География саласына химия, физика және экономика салалыр да тығыз байланысты. Бізде жақсы теориялық білімдер беріледі. Ол адамның өзіне байланысты.

Қазіргі уақытта университет студенттеріне 800 жоғары білікті оқытушы сабақ беруде.

Бакыт Садуакасов